Бүгін - Көрісу күні

Фотография - Бүгін - Көрісу күні

Бұл күн жылдың және күн мен түннің теңелуінің басы саналады.

1309 0

14 наурыздан бастап маңғыстаулықтар Амал мерекесін тойлауды бастайды. Бұл күн жылдың және күн мен түннің теңелуінің басы саналады. 

14 наурыздан бастап көктемнің шуақты күндері оянады. Бұл мезгілдің басталуымен 9 күннен кейін күн мен түннің теңелуі тойланады.
Дәстүр бойынша Амал мерекесін аймақтың ең биік нүктесі Отпан тауында қарсы алу керек. Осы жерде халық Бірлік отын маздатады. 

Тарихи деректерге үңілсек, батыс аймақтың қазақтары көктем мерекесі мен табиғаттың жаңарып, жасаруын алғашқылардың бірі болып қарсы алады. Амал мерекесінде жастар үлкен кісілерге қол беріп сәлемдеседі, ал абыз ақсақалдарымыз оларға ақ батасын береді.

Амал мерекесі қасиетті Қаратау жоталарының ең биігіндегі Отпан-тауда аталып өтетінін жоғарыда жаздық. Мұнда "тағзым отын" жағу рәсімі өтеді. Еліміздің әнұраны асқақтайды. Мемлекеттік ту Отпан таудың басында желбірейді. Бұл ата-баба рухына тағзым, жастарымызға рухани қуат берердей көрініс болуы керек.

Амал мерекесі барлық ауылда көтеріңкі көңіл-күймен басталады.

    bnews.kz



    Загрузка...

    Пікір (0)

    Input is not a number!
    Input is not a email!
    Input is not a number!