Назарбаев Анкарадағы терактіге байлансыты Ердоғанға жедел хат жолдады

Фотография - Назарбаев Анкарадағы терактіге байлансыты Ердоғанға жедел хат жолдады

Қазақстан Президенті байырлас түрік халқына көңіл айтты

249 0

Нұрсұлтан Назарбаев Түркия президенті Реджеп Тайып Ердоғанға Анкара қаласындағы террактіге байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Today.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Жеделхатта қайғылы оқиға салдарынан көптеген жазықсыз адамдардың қаза болғаны және зардап шеккені туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

"Еліңізбен көрші аймақтағы тұрақсыздық пен халықаралық терроризмнің өршуіне қарамастан, Түркия ішкі тұрақтылығы мен қауіпсіздігін нығайтып, қазіргі заман қауіп-қатерлеріне қарсы күресте табандылық танытатынына сенімдімін. Халықаралық терроризмнің тамырына балта шабу әлемдік қоғамдастық алдында тұрған ең өзекті міндет деп санаймын", – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қазақстан ХХІ ғасырдың ең қауіпті қатеріне қарсы күресте бауырлас түрік халқын қолдайтынын атап айтты.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Р.Ердоғанға, қаза тапқандардың туыс-туғандарына, сондай-ақ барша Түркия халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестігін білдірді. 

Жарылыс 13 наурызда Түркия премьер-министрінің офисінің маңында орналасқан авторбус аялдамаларының бірінде болды. Екі автобустың ортасында тұрған автөкөлікте бомба жарылған. Соңғы мәліметтер бойынша, 34 адам көз жұмып, 125 адам зардап шеккен. Оқиға Гювен саябағының маңында болды.

Жарылысты әлі ешкім мойнына алған жоқ.

Терактіден кейін Түркияда Facebook пен Twitter микроблог қызметі бұғатталды.

ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовтың айтуынша, қаза болған немесе зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат келіп түскен жоқ



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!