17 наурызға дейін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын сақталады

Фотография - 17 наурызға дейін Қазақстанның басым аумағында жауын-шашын сақталады

Солтүстік аудандарда қар, бұоқасын және көктайғақ болады

300 0

Қазақстанның басым аумағында күннің бұлттануы мен жауын-шашын байқалады деп жазады Today.kz  "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасай отырып. Ал Ақтөбе облысында күннің бұзылуынан аймақта бірнеше жолдар жабылды

"Алдағы үш тәулікте Қазақстан аумағындағы күн райы Оңтүстік-Каспилік циклонға тәуелді, кейін оның артынан Ресейдің еуропалық бөлігінің солтүстік аудандарынан суық арктикалық ағымдар жүреді. Сол себепті еліміздің басым аумағында жауын-шашынды болады, солтүстік аймақтарды қар, бұрқасын, секундына 15-20 метрлік жел соғады, көктайғақ, ал оңтүстік бөлікте – жаңбыр, таулы аймақтарда тұман, қар. Температура төмендейді дегенмен нормадан жоғары болып қала береді", - делінген хабарламада.

ҚР ІІМ ТЖК мәліметтері бойынша, күн райының бұзылуына байланысты: Хромтау-Никельтау-Бадамша; Ақтөбе-Болгарка-Шұбарқұдық; Петропавловка-Хазретовка; Ақтөбе-Родниковка-Мартук бағытындағы барлық жолдар жабық.  

Естеріңізге салсақ, 12 наурызда күннің бұзылуына байланысты Ақтөбе және Қостанай облыстарында жолдар жабылып, дауылдық ескерту жарияланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!