Қазақстан Таиландпен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзір

Фотография - Қазақстан Таиландпен туризм саласындағы ынтымақтастықты дамытуға әзір

Қазақстан Таиландпен туризм, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік логистикасы салаларында жемісті ынтымақтастықты нығайта түсуге әзір.

156 0

Қазақстан Таиландпен туризм, ауыл шаруашылығы, энергетика және логистика бойынша жемісті ынтымақтастықты нығайта түсуге әзір. Бұл туралы бүгін Ақордада бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.

"Таиланд Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды серіктесі болып саналады. Астана мен Бангкок арасындағы өзара іс-қимыл, өзара түсіністік және сенім ыңғайында дәстүрлі түрде дамып келеді. Таиланд басшылығына  Азиядағы өзара іс-қимыл, сенім шаралары кеңесі үдерісін, Әлемдік дәстүрлі діндер лидерлері съезі аясындағы дінаралық диалогты нығайтуға қосқан ықыласты үлесі үшін зор  ризашылығымды білдіремін", - деді Н.Назарбаев.

Мемлекет басшысы сөз өткендей, Қазақстан Таиландпен туризм, ауыл шаруашылығы, энергетика және көлік логистикасы салаларында жемісті ынтымақтастықты нығайта түсуге әзір.

"Дүниежүзілік сауда ұйымы аясындағы тығыз қарым-қатынас сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту үшін керемет мүмкіндікке жол ашып отыр", - деді Елбасы.

Айта кетейік, бүгін Ақордада Мемлекет басшысына БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі, БҰҰ Даму бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимомура, Израиль мемлекетінің елшісі Михаил Бродский, Өзбекстан елшісі Икром Назаров, Әзірбайжан елшісі Рашад Эйнаддин Оглу Маммадов, Таиланд корольдігінің елшісі Нат Пиньоваттаначип сенім грамотасын табыс етті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!