Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды

Фотография - Мемлекет басшысы бірқатар Заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

186 0

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы Инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 


Сонымен қатар, "Құрылықтық қайраңда орналасқан стационарлық платформалар қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз іс-әрекеттермен күрес туралы хаттамаға 2005 жылғы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы мен "Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің шекара мәселелері бойынша ынтымақтастығы мен өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 


Заң мәтіні баспасөзде жарияланатын болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!