Қызылорда-Жезқазған бағытына қатынайтын алғашқы пойыз жолға шықты

Фотография - Қызылорда-Жезқазған бағытына қатынайтын алғашқы пойыз жолға шықты

"Қызылорда – Жезқазған" пойызы былтыр ғана қолданысқа берілген "Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу" жаңа теміржолы үстімен жүреді.

798 0

Бүгін Сыр елінен "Қызылорда-Жезқазған" бағытына қатынайтын алғашқы жолаушылар пойызы жолға шықты, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспаөз қызметіне сілтеме жасаған newskaz.kz.

"Қызылорда – Жезқазған" пойызы былтыр ғана қолданысқа берілген "Жезқазған-Сексеуіл-Бейнеу" жаңа теміржолы үстімен жүреді. Жаңа пойыз Қызылорда облысының солтүстігінде орналасқан 65 станция арқылы өтеді. Енді қызылордалықтар Сарыарқа өлкесіне бір тәулік ішінде пойызбен тікелей бара алады. 

— Елбасы бастамасымен темір жол, көлік жолдары құрылыстарының жүргізілуі мемлекетіміздің, қала берді облыстардың бірі-бірімен сауда-саттығын, барыс-келісін, алыс-берісін, экономикалық байланыстарын нығайтып, халықтың тұрмысын түзейтін болады. "Қызылорда – Жезқазған" пойызының қатынауы Наурыз қарсаңында Сыр жұртшылығы ғана емес екі арадағы қаншама халық үшін шын мәнінде үлкен сый болды, — деді облыс әкімі Қырымбек Көшербаев.

Жаңа жолаушылар пойызы 5 вагоннан тұрады. Билеттердің де бағасы тиімді. Мәселен, жолаушы Баян Әлімова бұрын Жезқазғанға автобус арқылы қатынаған. Ол темір жолдың тиімді тұстары көп екендігін айтады. 

– Әсіресе, қысты күндері қиналатынбыз. Жезқазғанның жолы қауіптірек болатын. Енді бұл қиыншылықтар артта қалды. Енді пойызбен еш уайымсыз Жезқазғанға қатынайтын болдық, — дейді жолаушы Баян Әлімова.

Айта кетейік, екі өңір арасындағы байланысты нығайту мақсатында биыл "Қызылорда-Жезқазған" арасындағы жолды асфальттау жұмыстары басталады.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!