Мәжіліс сайлауы 2016: Саяси партиялар теледебатының жазбасы көрсетіледі

Фотография - Мәжіліс сайлауы 2016: Саяси партиялар теледебатының жазбасы көрсетіледі

Теледебаттар "Хабар" арнасынан кешкі жаңалықтардан кейін көрсетіледі

790 0

Қазақстандықтар ҚР Парламент мәжілісінің мерзімнен бұрын сайлауына қатысатын саяси партиялардың дебаттарын тікелей эфирде тамашалай алмайды. Кандидаттардың пікірталасы "Хабар" арнасында кешкі жаңалықтардан кейін көрсетілдеі, деп жазады Today.kz жеке мәлімет көзіне сілтеме жасай отырып.

Осылайша, "Хабар" мемлекеттік арнасында 16 наурызда Астана уақытымен 21:30-да аяқталатын кешкі жаңалықтардан кейін дебаттар эфирге шығатыны белгілі болды. Дебаттардың өзі Орталық салау комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 16 наурызда күндіз өтеді.

"2016 жылдың 16 наурызында, сағат 11:00-де Астана қаласы, Дінмұхамед Қонаев көшесі 4 мекенжайы бойынша, "Қазмедиа орталығы" ғимаратында саяси партиялардың телевизиялық дебаттары өтеді", - делінген Орталық салау комитетінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Today.kz тілшісі саяси партиялардың сайлау алды штабтарының өкілдерін сөзге тартып, телевизиялық текетірес қатысушыларын анықтады. Теледебатқа "Нұр Отан" партиясы атынан партияның бірінші орынбасары Асқар Мырзахметов қатысады, Қазақстанның комунисттік халықтық партиясынан Владислав Косарев, "Ауыл" партиясы атынан Әли Бектаев қатысады. "Ақ жол" партиясы Азат Перуашевті ұсынды, "Бірлік" атынан Роза Қуанышбаева, ал ЖҰСДП атынан Зәуреш Батталова шығады.

Естеріңізге салсақ, 14 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мүшелері саяси партиялар арасында теледебат өткізуді ұйымдастыру мен өткізуге дауыс берген. Нәтижесінде, пікірталасқа бір жарым сағат бөлу қарастырылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!