Назарбаев Павлодарда дәрігерлердің үш түрі туралы айтып берді

Фотография - Назарбаев Павлодарда дәрігерлердің үш түрі туралы айтып берді

Мемлекет басшысы іс-сапар барысында "BBNura" ЖШС-да болып қайтты

537 0

Нұрсұлтан Назарбаев Павлодар облысындағы іс-сапары барысында "BBNura" ЖШС Бүйректің созылмалы жетіспеушілігі бар пациенттерге арналған нефрология және эфферентті терапия орталығында болды, деп жазады Pavlodarnews.kz. Елбасын аймақ басшысы Қанат Бозымбаев пен денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нұрлан Қасымов бастаған ауруханалардың бас дәрігерлері қарсы алды.

"Маған бәрінен бұрын орталықтың мемлекеттік жеке серіктестік аясында салынғаны ұнады. Бұндай орталықтар елдің барлық аймақтарында болуы керек. Дәрігерлер үш түрлі болатынын білесіздер: "Құдайдан", "Ал, Құдай жар болсын" және "Құдай сақтасын" дейтіндер", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысы медициналық палаталарды аралап, орталық қызметінің негізгі бағыттарымен танысты және еңбек ұжымы өкілдерімен және облыстың медицина қызметкерлерімен әңгімелесті, делінген Ақорда сайтында.

Нұрсұлтан Назарбаев халықтың тұрмысын жақсарту үшін денсаулық сақтау саласын дамытудың маңыздылығына тоқталды.

"Өткен жылдар ішінде Қазақстанда 1300 денсаулық сақтау нысаны салынды. Соның арқасында 10 жылда өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұзарды. Дағдарысқа қарамастан, 1 қаңтардан бастап біз медицина қызметкерлерінің еңбекақысын 28 пайызға көтердік. Бұл орталықтың мемлекет-жекеменшік серіктестігі арқылы салынғаны өте маңызды, мен бұл бағытты қолдаймын. Жұмысқа қажетті жағдай жасалуда, ал дәрігерлер елдің игілігіне қызмет ету үшін өз біліктіліктерін арттыруы тиіс", – деді Мемлекет басшысы.

Мекеме қызметкерлері денсаулық сақтау саласын дамытуға көңіл бөліп отырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты, сондай-ақ таяу уақыттары Қазақстан Президентінің тапсырмасымен салынған жаңа перинатальдық орталықтың ашылуы жоспарланып отырғанын хабарлады.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев жиналғандарға табыс пен бақ-береке тіледі.

Медициналық мекеме елдегі 25 аппараты бар ірі диализдік орталық болып саналады және бүйрек қызметінің жеткіліксіздігінен зардап шегіп отырған науқастарға толық нефрологиялық көмек көрсетуге мамандандырылған.  

Естеріңізге салсақ, Қазақстан Президенті Павлодар облысына іс-сапармен келді, оның барысында бірнеше нысандарда болып қайту жоспарланған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!