Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста смартфон қолдануға тиым салынады

Фотография - Қазақстанда мемлекеттік қызметкерлерге жұмыста смартфон қолдануға тиым салынады

Бұған себеп WhatsApp арқылы ақпараттың сыртқа таралып кетуі

1383 0

Қазақстанның мемлекеттік қызметкерлеріне жұмыста смартфон мен планшет қолдануға тиым салынады, деп жазады  Today.kz. Бұл заң күшіне наурыздың соңында енеді және Қазақстанның барлық органдарына қатысты. Тиымға тіпті смарт-сағаттар да кіреді.

"Бұндай шара жоғарыда аталған құрылғыларды мемлекеттік қызметкерлер қызметтік мақсатта белсенді пайдаланады және осыған байланысты қызметтік ақпараттың WhatsApp қосымшасы арқылы жиі таралып кетуіне байланысты енгізіледі", - дейді мәлімет көзі.

Бұл шешім мемлкеттік мекемелердің қызметкерлері мен келушілеріне де таралады. Кей мекемелердің фойесінде қазіргі кезде телефон сақтауға арналған камералар орнатылып та қойған.

"Мемлекеттік органдарда қоңырау шалуға, кіріс оңырауын қабылдауға және SMS жолдауға болатын телефондар қолдануға рұқсат, бірақ интернет-модуль және фото-бейне камерасынсыз. Мұндай телефондар есепке алынады және тіркелетін болады", - дейді мәлімет көзі.

Естеріңізге салсақ, WhatsApp арқылы ақпарат сыртқа шығып кетуінің даулы оқиғаларының бірі 23 жасар Ерасыл Әубәкіров өлі күйде табылған суреттің суреті Желіге тарап кетуі болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!