Қазақстан Парламенті педофилдерді химиялық кастрациялау нормасын қабылдады

Фотография - Қазақстан Парламенті педофилдерді химиялық кастрациялау нормасын қабылдады

Енді балаларды жәбірлеушілерге иньекция жасалатын болды

550 0

ҚР Парламент Сенаты пленарлық отырыс барысында педофилдердің химиялық кастрациясы туралы нормаға дауыс берді, деп жазады Today.kz.

Аталған норма ҚР "Бала құқығын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кей заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" Заң жобасына кірді. Заң жобасы екінші оқылымда мақұлданып, Мемлекет басшысына қол қоюға жолданды.

"Химиялық кастрация – бұл уақытша шара, бұл бір реттік инъекция болады. Бұл бір рет инъекция жасалғаннан кейін педофил мәңгі сондай болып қалады деген сөз емес. Бұл сот және медециналық ұйымдардың шешімімен болады. Егер біз осылай бір баланы болсын қорғап қала алсақ, бұл бекер емес", - деді журналистерге Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Бірғаным Әйтімова.

Естеріңізге салсақ, педофилдерге заңды түрде кастрация жасау мүмкіндігі жайында 4 наурызда Қазақстанның бас прокурорының орынбасары Иоган Меркель айтқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!