Еліміздің барлық аймағында ауа райы құбылмалы болады

Фотография - Еліміздің барлық аймағында ауа райы құбылмалы болады

Республиканың кей өңірлерінде жауын жауып, тұман түседі, бұрқасындатып, жел күшейеді,

398 0

Қазақстанның барлық аймағында ауа райы құбылмалы болады, кей жерлерде жауын жауып, тұман түседі, бұрқасындатып, жел күшейеді, деп хабарлайды Bnews.kz

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, бұрқасындатады деп болжануда, жел 15-20 м/с-қа күшейіп, кей жерлерде оның екпіні 23-28 м/с болады.

Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің күші – 15-20 м/с, кей жерлерде 25 м/с болады.

Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-22 м/с-қа күшейеді.

Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстараның кей жерлерінде тұман түсіп, жел 15-20 м/с-қа күшейеді.

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғып, түнде және таңертең тұман түседі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел соғады –15-20 м/с.

Атырау облысының кей жерлерінде тұман түсіп, кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!