Елбасы Ненад Лаловичті қабылдады

Фотография - Елбасы Ненад Лаловичті қабылдады

Күрес – қазақтар үшін тарихи спорт түрі

229 0

Елбасы "Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясының президенті Ненад Лаловичті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Мемлекет басшысы күрес түрлері бойынша Азияның Олимпиадалық біліктілік турнирін өткізу мақсатымен Астанаға келген Н.Лаловичтің сапарына ризашылық білдірді.
Күрес – қазақтар үшін тарихи спорт түрі. Біздің елде ежелден-ақ балуандар күресінсіз бірде бір мереке өтпеген. Бүгінде мемлекет спорттың осы түрін жастар арасында танымал ету үшін зор күш-жігер жұмсап отыр, соның арқасында Қазақстан халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
"Біріккен күрес әлемі" халықаралық федерациясының президенті Астанада өтетін турнирді ұйымдастыруға қолдау көрсетілгені үшін алғыс айтты.
Сондай-ақ кездесу барысында Н.Лалович Нұрсұлтан Назарбаевқа «Біріккен күрес әлемі» халықаралық федерациясының құрмет орденін тапсырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!