Мен Аружан Саинның күдігі мен алаңдаушылығын түсінемін - Ерлан Сағадиев

Фотография - Мен Аружан Саинның күдігі мен алаңдаушылығын түсінемін - Ерлан Сағадиев

БҒМ басшысы қоғам қайраткеріне жетімдер туралы мәлімет базасы мәселесін түсіндіріп берді

1190 1

ҚР Білім және ғылым министрі балалар құқығын қорғауды қарастыратын даулы заң жобасына қатысты пікірін білдірді.  Today.kz тілшісіне берген сұқбатында Ерлан Сағадиев құжатты қатты сынаған Аружан Саинмен қай тұста келісетіндігін, қай тұста келіспейтіндігін түсіндірді.

- Ерлан Кенжеғалиұлы талқыланып жатқан заңнаманың мақсаты неде?

- Бірінші оқылымды өткен бүгінгі заң ("Бала құқығын қорғау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кей заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу" заң жобасы – автор ескермесі) балалар үйлерінің тәрбиеленушілерін тәрбиеге алатын отбасыларына балаларды көптеп асырап алуға жол ашады.  Бұл балалардың артынан ақша бөлінеді. Біздің алдымыздағы минситерство ретінде және жалпы қоғам алдында тұрған міндет – балалар үйлерінің санын азайту және келешекте оларды жабу. Басты мақсат, Қазақстанда асырап алуға болатын балалардың болмауы. Алдымызда тұрған осындай мақсат. Егер біз бұны жақын арада, алдағы бес-алты жылда іске асыра алсақ өте жақсы болар еді. Егер қолымыздан келмесе, біздің мемлекетте ғана емес, шетелдерде орын алып жатқан жайттар қайталана бермек.

- Бірақ, адамдар балаларды көптеп асырап алу үшін, бұған шақырып қана қоймай, нақтылы мемлекеттік қолдау механизмі болу керек қой.

- Балаларды асырап алу идеясын таратумен қатар, ата-аналарды да үйретіп, қаржылай демесу де қажет. Қазір біз 2 500 мектепке интернет орнатуды көздеп отырмыз, алдағы екі жарым жылда тағы 2 500 мектепті қамту керек. Бұл бала асырап алғысы келетін әрбір ата-анаға осы ақпаратты жеткізуге мүмкіндік береді. Біз көптеген бастапқы кәсіби білім беру ұйымдарының өкілдерімен кездестік, олардың ата-аналарға бере алатын әдістемелер, тренинг бағдарламалары, зерттеулер, көптеген ғылыми материалдары бар. Бұл ата-аналардың баланы асырапалуына ғана дайындық болып қоймай, баланың қалыпты жағдайда ер жетіп, жақсы жұмысқа орналасып, отбасын құрып, мүмкін өздері де асыранды баланың ата-анасына айналуға көмектесіп қалады.

- Қоғам қайраткері Аружан Саин заң жобасының осы күйде қабылдануына наразылық білдірді және ата-ана қарауынсыз қалған балалар туралы ашық мәлімет базасының болуы үшін күресуде.

- Негізінде біз болашаққа үлкен сеніммен қарап отырмыз. Біз онымен кездестік, сөйлестік, оның күдігі мен алаңдаушылығын жақсы түсінемін. Біз қазір бұл мәселелерді министрілікте қарастырып жатырмыз. Мен мәлімет жинау жүйесін автоматтандыруды қолдаймын, онда толық ақпарат болуы қажет. Екінші жағынан, мен барлық мәліметтің барша жұрттың қолында болуына келіспеймін. Өйткені мұндайдың дұрыс еместігін шетелдік тәжірибе көрсетіп отыр.

Екіншіден, баланың өз құқы бар және оның келісімін алмай жатып, ол туралы жеке мәлімет таратуымызға құқымыз жоқ. Өндірістік ақпарат – жасы, суреті, аты "Ақпараттандыру туралы" заңына сәйкес жалпылық қолжетімділікте болады. Бала асырпа алғысы келетіндер осындай ақпарат алып тұруы керек. Бұндай ақпараттың ашық болуын өзім қадағалаймын. Болашақта мұндай мәселе болмайды деген ойдамын.

- Асыранды балалар бойынша бәрі түсінікті. Ал жаңа туған сәбилерін құдыққа батырып, жол бойындағы әжетханаларға тастап, оларды сатып жатқан жайттарды қалай шешуге болады?

- Заңда бірнеше жүйелік шаралар бар. Мысалы, баланың дүниеге келуі үш күн ішінде тіркеуге алынуы керек, екі айда емес. Бұл ананың перзентханадан құжатсыз шығып,  балалардың перзентханадан ХҚКО-ға жетпей жоғалып кетуіне жолбермеуге арналған. Біз бұның бала сатумен айналысу стимулын жояды деген үміттеміз.

Мәселені жүйелі шешу үшін біздің балалар қоғамға маңызды болу керек. Олар алтындай қымбат болса, бұл мәселе шешіледі.

 



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Жулдызай 23 сәу. 2016

Мəселені күрделендірудің не қажеті бар? Ата-ана болғысы келетіндерге құжаттардың санын азайтып, ұзақ күттірмей мүмкіндік беру қажет. Кейін баланың қалай тəрбиеленіп жатқаны қатаң бақылауда болуы шарт. Дəл қазір бала асырап алу мүмкін емес десе болады

Жауап беру