Әскери ұшқыштар қазақстандықтарды Наурызбен ерекше құттықтады

Фотография - Әскери ұшқыштар қазақстандықтарды Наурызбен ерекше құттықтады

сурет ҚР ҚМ баспасөз қызметінен

СУ-27 әскери-жойғыш ұшағы аспанда шаңырақ бейнесін салды

394 0

Наурыз мейрамы құрметіне Қазақстанның Қарулы күштерінің ұшқыштары аспанда шаңырақ көрінісін жасаған, деп жазады Today.kz ҚР Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасай отырып.

"Осы көктемгі мерекеге орай Әуе қорғанысы күштерінің әскери қызметшілері қазақстандықтарға сыйлық тарту етті. Су-27 жойғыш ұшақтарында авиабазадан ұшып шығып, көк аспанда отбасы – ошақ қасының, ұрпақ жалғастығының, жанұялық жылулық пен ырыс-берекенің символына айналған шаңырақтың нақышын бейнеледі. Қазақ халқында осы элементпен көптеген ізгі тілектер байланысты. Мәселен, «Шаңырағың биік болсын», «Шаңырағың шайқалмасын» деген сынды ақ тілекке толы баталы сөздер жиі кездеседі", - делінген хабарламада.


Сонымен бірге ҚР Қарулы Күштерінде шуаққа толы көктемгі мейрам қарсаңында салтанатты іс-шаралар, мерекелік концерттер және көрмелер өтіп жатқаны айтылады.

Естеріңізге салсақ, 8 Наурыз мейрамына жасұландықтар да керемет құттықтау жасаған. Роликтен "шаффл" стиліндегі биді көруге болады. 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!