Назарбаев ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Фотография - Назарбаев ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады

Мемлекет басшысы адамдардың қазасын ауыр қабылдағанын айтты

500 0

Нұрсұлтан Назарбаев РФ Президенті Владимир Путинге Ростова-на-Дону әуежайындағы Boeing 737-800 апатына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп жазады Today.kz Ақорда сайтына сілтеме жасай отырып.

Жеделхатта Ростова-на-Дону әуежайында Boeing жолаушылар ұшағының апатқа ұшырауы салдарынан адамдардың қайғылы қазаға ұшырағаны туралы хабарды Қазақстан Президенті зор күйзеліспен қабылдағаны атап өтілген.

Нұрсұлтан Назарбаев қаза болғандардың отбасылары мен туған-туыстарына Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан қайғырып көңіл айтты. 

Естеріңізге салсақ, 19 наурызда Ростова-на-Дону әуежайындағы Дубайдан ұшып келе жатқан жолаушылар тасымалдайтын Boeing 737-800 апатқа ұшырады.  Ұшақ бортында 62 адам – экипаждың жеті мүшесі мен 55 жолаушы болған. Барлығы қаза болды. Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ жерге қона бергенде апатқа ұшыраған. Ғаламторда апаттың кадрлары жарияланған. ҚР СІМ ұшақ бортында қазақстандықтардың болмағанын хабарлады.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!