Тұрғанқұловқа Ресей cайлау комитетінің құрмет белгісі берілді

Фотография - Тұрғанқұловқа Ресей cайлау комитетінің құрмет белгісі берілді

Мәртебелі марапат саяси науқанды ұйымдастырудағы еңбегі үшін берілген.

357 0

Бүгін Астанада ҚР ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов РФ Орталық сайлау комиссиясының құрмет белгісіне ие болды.

Жалпы қос мемлекеттің орталық сайлау комиссиялары тығыз байланыста жұмыс істейді. Тараптар арасында ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған меморандум да бар.

Сиябшах Шапиев, РФ Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:
- Біздің комиссияларымыздың арасында ынтымақтастық туралы меморандум жасалған. Қуандық Тұрғанқұлов Ресейдің сайлау жүйесін дамытуға да зор үлес қосты. Оның сайлауға қатысты жасаған ескертулері мен ұсыныстары сайлау жүйесін жетілдіруге бағытталды. Біз мұны өте жоғары бағалаймыз.

Айта кетейік, еліміз бен Ресей Федерациясы орталық сайлау комиссияларының өкілдері дөңгелек үстел барысында өзара пікір алысты. Қос мемлекеттегі саяси науқандарды ұйымдастыруға жауапты мамандар дауыс беру үдерісіне байланысты маңызды ұсыныстарын ортаға салды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!