Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс сайлауында дауыс берді

Фотография - Нұрсұлтан Назарбаев Мәжіліс сайлауында дауыс берді

Бүгін елімізде саяси маңызды оқиға - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр

457 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев парламенттік сайлауға қатысып, Астанадағы № 81сайлау учаскесінде өз дауысын берді, деп хабарлайды Baq.kz .  

Бүгін елімізде саяси маңызды оқиға - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр. Ел азаматтары бұл жолы да ерекше белсенділік танытуда. ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев та парламенттік сайлауға қатысып, Оқушылар сарайында орналасқан №81 учаскеде дауыс берді.

Айта кетсек, қазақстандықтар бүгін, 20 наурыз күні республика бойынша 9840 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін дауыс береді. Сайлау барысын 817 халықаралық бақылаушы бақылап, 147 шетелдік БАҚ өкілі ақпарат таратып жатыр. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!