Астана әкімі сайлауда дауыс берді

Фотография - Астана әкімі сайлауда дауыс берді

Таңертең сағат 07.00 елордада 178 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, олар сағат 20:00 дейін жұмыс істейд

337 0

Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков алғашқылардың бірі болып ҚР Парламенті Мәжілісінің және Астана қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға қатысты. Қала басшысы Оқушылар сарайында орналасқан №81 сайлау учаскесінде дауыс берді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Айта кетейік, таңертең сағат 07.00 елордада 178 сайлау учаскесі өз жұмысын бастады, олар сағат 20:00 дейін жұмыс істейді. Астанада 405233 сайлаушы тіркелген. Сайлаушыларға ыңғайлы болуы үшін әрбір сайлау учаскесінде шағын халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейді. ХҚКО елорда тұрғындарын қандай да болмасын сайлау учаскесінде сайлаушылар тізіміне енгізу үшін мекенжай анықтамаларын беретін болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!