ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сайлауда дауыс берді

Фотография - ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сайлауда дауыс берді

Бүгін елімізде саяси маңызды оқиға - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр

746 1

ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов кезектен тыс сайлауда дауыс берді, деп хабарлады 24.kz. ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетов сайлау учаскесіне келіп, барлық деңгейдегі мәслихаттар мен партиялық тізім бойынша ұсынылған ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді. Иманғали Тасмағамбетов Назарбаев университетінде ұйымдастырылған №97 сайлау учаскесінде өз азаматтық парызын орындады.  Кезектен тыс сайлауда дауыс беруге ҚР Қарулы Күштерінің өкілдері мен олардың отбасы мүшелері қатысуда. Олардың арасында Қорғаныс министрлігі, Бас штабы мен ҚР Қарулы Күштер құрылымдық бөлімшелерінің, орталық бағыныстағы бөлімдер мен мекемелердің, ҚР ҚК Құрлық әскерлері, Әуе қорғанысы күштері, Әскери-теңіз күштері әскери бөлімдерінің, әскери оқу орындары мен жергілікті әскери басқару органдарының әскери қызметшілері бар. Қазақстандық армияның әскери қызметшілері азаматтық борышты орындау, таңдау жасау және әрбір дауыстың маңызды екенін жете түсінеді. Сондықтан ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері, құрылымдық бөлімшелері мен мекемелері жаппай кезектен тыс сайлауға белсене қатысуда.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Алмажан 21 нау. 12:08

Басшылар сайлауға қатысып үлгі көрсеткендері жақсы болды, жастарға осылайша үлгі болу керек

Жауап беру