Мәжіліс сайлауынан кейін үкімет үйінде өзгерістер болу мүмкін - Назарбаев

Фотография - Мәжіліс сайлауынан кейін үкімет үйінде өзгерістер болу мүмкін - Назарбаев

ҚР Президенті сондай-ақ болжамды палата құрамы туралы айтты.

932 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жаңарған мәжілістің құрамына баға берді, сонымен қатар мерзімінен бұрын төменгі палата сайлауынан соң, үкіметте болатын өзгерістер жайында айтып берді, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Соның ішінде, Елбасы болжамды мәжілістің жаңа құрамы туралы айтты.
"Сайлау қалай өтеді – көреміз. Заңдарды мамандар шығаруы тиіс, экономиканы экономисттер алға жүргізу керек, сондықтан да бұл өзгерістер болып жатыр", - деді Мемлекет басшысы.
"Сайлау біткен соң және құрам белгілі болғанда парламент дауыс беретін болады. Егер премьер-министрге сенім білдірсе, онда үкімет ары қарай жұмыс жасайды. Ал, егер сенім білдірмесе – үкімет таратылады, - деді Мемлекет басшысы. - Егер менің ойымды Президент ретінде білгілеріңіз келсе, онда естеріңізге сала кетейін, алдыңғы жылы президенттік сайлаудан соң үкімет ауысқан болатын. Бұл да Конституция бойынша жасалған.
Үкімет заңдар мен бағдарлама жасады, сол бойынша біз жұмыс жасаудамыз. Бұл антикризистік бағдарламалар, бұл бес институционалдық реформалар. (...) Менің ойымша, үкіметтің құрамын өте сауатты құралған, адамдар білімді, жас, тілді жетік меңгерген – шет тілі болсын, біздің тіл болсын және де өз ісінің кәсіпқойлары. Бізге, менің пайымдауымша, олар өздеріне алған міндетті орындауға рұқсат беру керек сияқты.
Естеріңізге сала кетейік, депутаттық мандатқа Қазақстанның алты саяси партиясының өкілдері таласуда.
Сайлау еліміздің барлық өңірінде 9840 учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00 ден 20:00 ге дейін өтеді. Брифинг барысында ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов кандидаттарды сайлау заң бұзушылықсыз өтіп жатқанын хабарлады.
ОСК 2016 жылдың 27 наурызына дейін сайлау қорытындысын шығаруды жоспарлайды.





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!