18 жастағы астаналықтар сайлауда алғаш рет дауыс берді

Фотография - 18 жастағы астаналықтар сайлауда алғаш рет дауыс берді

Бүгін елімізде саяси маңызды оқиға - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр

734 1

Таңертеңнен бастап Конгресс-Холлда орналасқан №100 сайлау учаскесіне дауыс беру үшін жүздеген қала тұрғыны келді. ҚР Парламенті Мәжілісі мен Астана қаласы мәслихаты депутаттарын сайлауға 18 жасар астаналықтар да қатысуда, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

№ 100 сайлау учаскесінде 2415 адам тіркелген, соның ішінде 304-і үйлерінде бақылаушылардың қатысуымен дауыс беретін болады. Атап айтқанда, соғыс, еңбек ардагерлері, мүмкіндігі шектеулі жандар, денсаулығының жағдайына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтындар. Сайлау комиссиясының төрағасы Теміржан Балабековтың айтуынша, астаналықтар таңертеңнен бері өздерінің азаматтық борышын белсенді атқаруда, ең бірінші болып 77 жастағы Валентина Алексеевна Ячникова келді.

- Бүгін сайлау учаскесі тәртіп бойынша сағат 07.00 ашылды. Ең бірінші болып әже дауыс берді. Әдеттегідей, оған сыйлық табыстадық, - деді №100 сайлау учаскесінің сайлау комиссиясының төрағасы Т. Балабеков.

Сайлауға 18 жастағы жастар да алғаш рет қатысып отыр. Жастар дауыс беруге жауапкершілікпен қарап, дұрыс таңдау жасағандарына сенімді. Дауыс бергеннен кейін жастарға сыйлықтар табысталды.

Қазақ гуманитарлық-заң университетінің студенті Еламан Әбужақыл алғаш рет сайлауға қатысып, өзінің 18 жасын атап өтуде. Болашақта ол заңгер болып, ел игілігі үшін еңбек етпек.

- Иә, бүгін туған күнім, сайлауға бірінші рет қатысып отырмын, бүгін дауыс беремін. Әр патриот өз елінің болашағы үшін дауыс беруі керек, - деді ол.

Бүгін 18 жасар Әнел Жолжақсы да бірінші рет дауыс береді.

- Сайлауға алғаш рет қатысып отырмын, бұл мен үшін үлкен құрмет. Алға қойған мақсаттарға жету, жарқын болашақ үшін дауыс беремін. Бірінші рет дауыс беретін студенттерге арнайы сыйлықтар әзірленген. Тосын сыйлар жасалды. Керемет. Бұл күн менің есімде мәңгі сақталады,- деді Әнел.

Жастар елорда тұрғындарын сайлау учаскелеріне келіп, азаматтық борышын орындауға шақырды.

Айта кетейік, елордада 178 сайлау учаскесі ашылды, олар сағат 20:00 дейін жұмыс істейді.



Загрузка...

Пікір (1)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!


Алмажан 21 нау. 2016

Жастардың жауапкершілігі мол екен, азаматтық борышын орындап, елінің болашағына деген сенімдерін көрсетті

Жауап беру