Халықаралық бақылаушылар сайлау барысына оң бағасын беруде

Фотография - Халықаралық бақылаушылар сайлау барысына оң бағасын беруде

Бүгін елімізде саяси маңызды оқиға - ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы өтіп жатыр

741 0

Бүгін Ресейден келген халықаралық бақылаушылар журналисттермен Парламент Мәжілісі мен елордалық мәслихат депутаттарын сайлау барысы туралы өз пікірлерімен бөлісті. Сарапшылар дауыс беру процесін мұқият бақылауда, олар сайлау адал және айқын өтіп жатыр, адамдар өздерінің азаматтық ұстанымдарын белсенді түрде білдіруде деп есептейді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Кездесу барысында Мәскеу халықаралық университеті жанындағы халықаралық интеграциялық ынтымақтастық институтының директоры Игорь Филькевич Қазақстан халқын келе жатқан Наурыз мейрамымен құттықтап, көктемгі жаңару мерекесі мен Парламент Мәжілісі және елордалық мәслихат депутаттарын сайлауының сәйкес түскендігін атап өтті.

- Халықтың көңіл күйі жақсы. Сайлау учаскелеріндегі бақылау көрсеткендей, барлық партияларға бірдей жағдайлар жасалған, олардың барлығы жаһандық экономикада, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақ аясында Қазақстанның дамуына барынша күш салмақ, - деді Игорь Филькевич.

Ресей Федерациясының еңбек сіңірген суретшісі, профессор Никас Сафронов та өз пікірін білдірді.  

- Өткен жылы Президент сайлауында болдым, адамдар сайлауға зор ынтамен келеді. Халық ең үздік, лайықты кандидатты таңдайды. Бәрі де заңды өтіп жатыр, ешбір бұзушылықтарды байқаған жоқпыз. Айта кетерлік жайт, адамдар өз мемлекетін, өз Президентін жақсы көреді және осы мемлекеттік басқаратын адамдарды таңдайды, - деді ол.

"Саяси зерттеулер институты" ЖШҚ бас директоры Сергей Марковтың атап өтуінше, партиялар арасындағы бәсекелестік аса жоғары, түрлі партиялар қатысып жатыр, олар өз бағдарламаларын ұсынуда.

Г. В. Плеханов атындағы Ресей экономика университеті ректорының кеңесшісі, экономика ғылымдарының докторы Мария Валовая сайлаудың барлық халықаралық стандарттар бойынша ұйымдастырылғанын атап өтті.

- Бәрі де жақсы, ұйымдастырушылар тарапынан да, дауыс берушілер жағынан да. Адамдардың сайлауды мерекедей қабылдауы екі фактордың белгісі: мемлекетте көп іс атқарылды және адамдар таңдау жасау қажеттілігінің жауапкершілігін түсінеді. Мемлекет алдындағы күрделі жоспарларды тек лайықты командамен ғана жүзеге асыруға болады, - дейді бақылаушы.

Айта кетейік, бүгін елімізде ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейлердегі мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Елорда тұрғындары 178 сайлау учаскесінде сағат 20:00 дейін дауыс бере алады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!