Кобзон қазақстандық диваннан көтерілмейтін сыншыларға тіл қатты

Фотография - Кобзон қазақстандық диваннан көтерілмейтін сыншыларға тіл қатты

Ресей азаматы ҚР сайлаушылардың ынтызарлығына тәнті болып, қызғана қарады

356 0

КССР халық артісі, РФ Мемлекеттік думасының мәдениет комитетінің төрағасы, ТМД миссиясынан бақылаушы Иосиф Кобзон қазақстандықтардың мәжіліс пен мәслихат сайлауына қатысудағы белсенділігіне таң қалды, деп жазады Today.kz. Ол сайлау учаскесіне келгендерден үлгі алып, теледидар алдында отырып алып үкіметті жамандай бермеуге шақырды.

"Сізге белгісіз адамға дауыс бермеңіздер. Сіздің мүддеңізді, елдің мүддесін қорғайтын азаматрға дауыс беріңіздер. Бастысы – сайлауға келіңіздер. Сосын теледидар алдында отырып алып: "О, оларды кім сайлапты, олар кімге керек?" деудің қажеті жоқ. Сіз келмедіңіз, таңдау жасамадыңыз. Келгендер таңдауын жасап, сайлады", - дейді Кобзон дауыс берудің маңызын түсіндіріп.

Оның айтуынша, ҚР азаматтарының сайлауға ынтықтығы шынайы, тіпті бұл әртісті қызықтырып жібергені бар екен.

Естеріңізге салсақ, сағат 7:00-ден 20:00-ге дейін Қазақстанда мәжіліс пен мәслихаттың барлық деңгейіне депутаттарды сайлау жүруде. ОСК мәліметінше, сағат 12:00-дегі сайлаушылардың келуі 40 пайызды құрады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!