Бүгін елімізде күн құбылмалы болады

Фотография - Бүгін елімізде күн құбылмалы болады

Жамбыл, Павлодар облысының кей аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде тұман түседі

383 0

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуінен кей жерлерде ауа райы жауын-шашынды, тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, солтүстікте бұрқасындатады. Республиканың оңтүстік-шығысы мен шығысында күн ашық, деп хабарлайды BNews.kz 

Ақмола облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, басым бөлігінде жел 15-20, кей бөліктерде 23-28 м/с күшейеді деп күтілуде. Жамбыл, Павлодар облысының кей аудандарында жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде тұман түседі.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей бөліктерінде тұман, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында, күндіз Атырау облыстарының кей бөліктерінде жел соғады. Маңғыстау облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ. Қарағанды, күндіз Батыс Қазақстан облыстарын тұман басады, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с дейін күшейеді.
Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде күндіз бұрқасындатып, желдің күші 18 м/с жетеді. Қостанай облысының кей аудандарында тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде – көктайғақ, бұрқасын, басым бөлігінде жел 15-20 м/с, кей жерлерде екпіні 23-28 м/с күшейеді. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі.  



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!