Елбасы Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Фотография - Елбасы Ауғанстан президентімен телефон арқылы сөйлесті

Сондай-ақ Ауғанстан басшысы Қазақстан Президентін Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауының табысты өтуімен құттықтады

224 0

емлекет басшысы Ауғанстан Ислам Республикасының президенті Мохаммад Ашраф Ғанимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды ақорданың баспасөз қызметі. 

Телефон арқылы әңгімелесуге ауған жағы бастамашы болды. Мохаммад Ашраф Ғани әңгіме барысында Мемлекет басшысын Наурыз мерекесімен құттықтап, Қазақстан халқының өсіп-өркендей беруіне тілектестігін білдірді.

Сондай-ақ, Ауғанстан басшысы Қазақстан Президентін Парламент Мәжілісінің кезектен тыс сайлауының табысты өтуімен құттықтады.

Мемлекет басшылары Ауғанстан президентінің Қазақстанға 2015 жылы қарашадағы алғашқы ресми сапарында қол жеткен уағдаластықтарды жүзеге асыру қажеттігіне тоқталды.

Сонымен қатар, тараптар өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін талқылады. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Ауғанстанды қалпына келтіру үшін күш-жігер жұмсауын жалғастыра беретінін айтты. Бұл ретте тараптар көпжақты құрылымдардың, соның ішінде ШЫҰ аясындағы өзара іс-қимылдың деңгейіне қанағаттанушылық білдірді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!