Н.Назарбаев: Қазақстан демократиялық ел екенін бүкіл әлемге дәлелдеді

Фотография - Н.Назарбаев: Қазақстан демократиялық ел екенін бүкіл әлемге дәлелдеді

Астанада "Нұр отан" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісіне арналған "Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!" жеңімпаздар форумы өтуде

402 0

Қазақстан кешегі сайлау арқылы демократиялық ел екенін бүкіл әлемге дәлелдеді. Бұл туралы Астанада "Сарыарқа" велотрегінде өтіп жатқан "Нұр отан" партиясының парламенттік сайлаудағы жеңісіне арналған "Бірлік! Тұрақтылық! Жасампаздық!" жеңімпаздар форумында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды Baq.kz .  

"Құрметті отандастар, форумға жиналған барша қауым, бәріңізді кешегі өткен сайлаудағы жеңісімізбен шын жүрегімнен құттықтаймын! "Нұр отан" партиясының жеңісі - біздің халқымыздың жеңісі. Мұндай бірауыздықты мынау аласапыран заманда ешбір ел, халық көрсетіп отырған жоқ. Біздің қазақстандықтардың ерекшелігі дәл осында. Бүкіл дүниенің алдында 25 жылдың мерейтойымыздың қарсаңында 60 мемлекеттің, өзіміздің бақылушылар, 200-ден астам БАҚ өкілдері, дүниежүзінің ақпарат құралдарының орталықтары біздің сайлауымызды демократияның шыңында деп айтты. Бұл біздің жетістігіміз. Қазақстан бұдан былай өзінің шынайы демократиялы ел екенін, осындай ашық, заңды түрде сайлау өткізетінін және көппартиялық болатынын бүкіл әлемге дәлелдеді. Мінеки, біздің жетістігіміздің ең үлкені осы", - деді Президент форумда.

Айта кетейік, "Нұр Отан" партиясы Астанада сайлаудағы жеңісін тойлап жатыр. "Сарыарқа" велотрегіне лық толы жиналған қазақстандықтар бірін-бірі құттықтауда.

Айта кетейік, кешегі сайлаудың ала қорытындысы бойынша "Нұр Отан" кезектен тыс Парламент Мәжілісі сайлауында айқын басымдықпен жеңіске жетті. Парламенттік сайлауда "Нұр Отан" партиясы - 82,15%, Қазақстан коммунистік xалықтық партиясы - 7,14%, "Ақжол" - 7,18%, "Бірлік" - 0,29 %, ЖСДП - 1,18, "Ауыл" - 2% дауыс жинады.

Сонымен, бұл жолы да Парламент Мәжілісіне үш саяси партия өтіп отыр. 7 балдық шекті "Нұр Отан","Ақжол" және Қазақстан коммунистік xалықтық партиясы бағындырды.

Еске сала кетсек, 20 наурызда өткен Мәжіліс және барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауына 7 млн 500 мың сайлаушы қатысты. Қазақстандықтар республика бойынша 9840 сайлау учаскесінде жергілікті уақыт бойынша сағат 7.00-ден 20.00-ге дейін дауыс берді. Сайлау барысын мыңнан астам халықаралық бақылаушы бақылап, 147 шетелдік БАҚ өкілі ақпарат таратты. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!