Астанада ҚХА-нан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарына дауыс берілді

Фотография - Астанада ҚХА-нан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарына дауыс берілді

Бейбітшілік және келісім сарайының атриумында орналасқан дауыс беру пункті таңертең сағат 07.00 Астана қаласының сайлау комиссиясымен ашылды

343 0

Бүгін Астанада Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIII кезектен тыс сессиясы аясында ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа 9 кандидат таңдалды, деп хабарлады Астана қаласыәкімдігініің ресми сайты.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын депутаттыққа кандидаттар үшін дауыс берді. Сондай-ақ, дауыс беруге  ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімов, Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев, Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков және т.б. қатысты.

Фото -

Бейбітшілік және келісім сарайының атриумында орналасқан дауыс беру пункті таңертең сағат 07.00 Астана қаласының сайлау комиссиясымен ашылды.

Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассемблеясының еліміздің барлық өңірлерінен келген республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің, қоғам қайраткерлерінің, ғылыми және шығармашылық интеллегенция ішінен делегация мүшелері, ҚР аккредитацияланған халықаралық бақылаушылар мен шетелдік БАҚ қатысты.

Бұрын хабарланғандай, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР конституциялық заңына және «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» ҚР заңына сәйкес 2016 жылғы 26 ақпанда Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесімен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланатын 9 кандидат бірауыздан ұсынылды:

1. Әбдірахманов Сауытбек Әбдірахманұлы – "Егемен Қазақстан" республикалық газеті» АҚ президенті, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

2. Божко Владимир Карпович – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары, "Орыс, славян және казак ұйымдары қауымдастығы" ҚБ төрағасының орынбасары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.

3. Жұмаділдаева Наталья Васильевна – Қызылорда қ., Оқушылар және жасөспірімдер үйінің директоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

4. Ким Роман Ухенович – "Қазақстанның корей қауымдастығы" ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, V шақырылымдағы Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

5. Микаелян Наринэ Гамлетовна – Алматы қ., "Луйс" армян мәдениет орталығының» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

6. Мурадов Ахмет Сейдарахманович – "Вайнах" шешен және ингуш халықтары мәдениетін дамыту қауымдастығы" ҚБ тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, V шақырылымдағы Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

7. Нурумов Шаймардан Усаинович – «Қазақстан ұйғырларының республикалық этномәдени орталығы» ҚБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.

8. Тимощенко Юрий Евгениевич – "Қазақстандағы украиндар радасы" ЗТБ төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, V шақырылымдағы Қазақстан  Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

9. Хахазов Шакир Хусаинович – "Дүнген этномәдени орталықтарының қауымдасты" ҚБ басқарма мүшесі, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!