Қазақстан халықтары ассамблеясы атынан мәжіліске тоғыз депутат сайланды

Фотография - Қазақстан халықтары ассамблеясы атынан мәжіліске тоғыз депутат сайланды

Сайлау нәтижелері ҚХА сессиясы кезінде оқылды

727 0

ҚР Парламент Мәжілісіне Қазақстан халықтар ассамблеясынан депутаттықа кандидаттарға дауыс беру нәтижесі белгілі болды, деп жазады Today.kz. Нәтижелерді ҚХА-ның Астанада өткен сессиясы барысында қаланың сайлау комиссиясының төрағасы Игілік Жалбыров оқыды.

"Сайлаушылардың жалпы саны – 446 адам, бюллетен алған сайлаушылар саны – 372. Депутаттарға берілген дауыс нәтижелері оқылады:

Абдрахманов Сауытбек Абдрахманович - 435

Божко Владимир Карпович - 349

Жұмаділдаева Наталья Васильевна - 343

Ким Роман Ухенович - 346

Микаелян Наринэ Гамлетовна - 336

Мурадов Ахмет Сейдрахманович - 339

Нұрымов Шаймардан Ұсаинұлы - 337

Тимощенко Юрий Евгениевич - 341

Хахазов Шакир Хусаинович – 342

Сайлау нәтижелері оқылғаннан кейін ҚХА сессиясы жабылды.

21 наурыз сағат 00:00-де үш exit-poll нәтижелері жарияланды. "Демократия институты" ҒЗИ мәліметі бойынша, "Нұр Отан" үшін 82 пайыз сайлаушы дауыс берген, ҚХКП - 7,17пайыз, "Ақ жол" - 7,22 пайыз, "Бірлік" - 0,35 пайыз, ҚСДП - 1,21 пайыз және "Ауыл" партиясы - 2,05 пайыз дауыс жинаған. Осылайша, сауалнама мәліметінше, алты партияның үшеуі мәжіліске өте алатындай дауыс жинаған. Еxit- poll статистикалық ауытқушылығы болмашы ғана екені айтылады.

Сарапшылар exit-poll нәтижелерін жариялағаннан кейін, Нұрсұлтан Назарбаев сөз сөйлеп, биліктегі партияның жеңіске жетуі халық сенімінің көрсеткіші екендігін атап өтті.

ОСК мәліметінше, республика бойынша қазақстандықтардың 77,1 пайызы дауыс берген. ҚР Парламент Мәжілісінің соңғы сайлау компанияларының көрсеткіші бойынша, осы сайлаудағы дауыс беруге келу рекордтық болды.

Сайлау қорытындысын 27 наурыздан кешіктірмей жарияланады.

 

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!