"Нұр Отан" партиясы 82 пайыз дауыс жинады

Фотография - "Нұр Отан" партиясы 82 пайыз дауыс жинады

Exit-poll-дың қорытындысы бойынша сайлауға түскен партиялар нəтижелері шықты

386 0

Exit-poll қорытындысы бойынша үш партия Парламентке өтті. "Демократия институты" жүргізген жалпыхалықтық сауалдамада нәтижесінде "Нұр Отан" партиясының 82 пайыз дауыс жинағаны белгілі болды. Бұл туралы egemen.kz хабарлайды.

Аталған институттың директоры Юлия Кучинскаяның мәлімдеуінше еліміздің 14 облысы мен Астана, Алматы қалаларындағы 750 сайлау учаскесінде таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін Exit-poll жүргізілген.

"Сауалдамаға 75 мың адам қатысты. Exit-poll-дың қорытындысы бойынша сайлауға түскен партиялар мынандай нəтиже көрсетті: 

"Нұр Отан" партиясы – 82 пайыз дауыс, 

"Қазақстанның коммунистік халық партиясы" – 7,17 пайыз, 

"Ақ жол» партиясы – 7,22 пайыз, 

"Бірлік" партиясы – 0,35 пайыз дауыс, 

Жалпыұлттық əлеуметтік-демократиялық партия – 1,21 пайыз, 

"Ауыл» партиясы – 2,05 пайыз дауыс", – деді Юлия Кучинская.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!