Оңтүстікқазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін тойлады

Фотография - Оңтүстікқазақстандықтар Ұлыстың ұлы күнін тойлады

Мерекеге қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов барша жұртшылықты Жаңару күнімен құттықтады

233 0

Бүгін оңтүстікқазақстандықтар Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мерекесін тойлады. Күнгей тұрғындары мен қонақтарына «Наурызнама» театрландырылған қойылымы ұсынылып, наурыз көже таратылды, деп хабарлайды Baq.kz. 

Ұлысымыздың ұйытқысы, қазақылықтың қаймағы саналатын Оңтүстік өңіріндегі бүгінгі мерекелік той-думанға 10 мыңға жуық халық жиналып, этно-мәдени орталықтардың да Әз-Наурызға арналған шашуын тамашалады.

Мерекеге қатысқан өңір басшысы Б.Атамқұлов барша жұртшылықты Жаңару күнімен құттықтады.

"Наурыз – Оңтүстіктен басталады. Себебі, көктемнің алғашқы самалы да – Оңтүстіктен еседі. Бұл өзгермейтін заңдылық биыл да өз жүрісінен жаңылған жоқ. Міне, бүгін баршамыз көктемнің осы бір мұғжизалы мерекесінде бас қосып отырмыз. Биылғы Наурыздың символдық мәні өте жоғары. Себебі, Қазақстанда Наурыздың ресми тойлануына биыл – 25 жыл толып отыр", - деді өңір басшысы.

Әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында өткен шарада 36 киіз үй тігіліп, онда қонақтар түрлі ұлттық тағамдардан дәм татып, әрбір киіз үй егесінің дайындаған ән мен күйін тыңдады. Сонымен қатар, мереке облыстық дәстүрлі әншілердің байқауымен жалғасты.

Айта кетейік, мерекені тойлау өңірде арнайы бекітілген іс-шаралар жоспары аясында 10 наурыздан басталып, бір айға дейін жалғасын табатын болады. "Наурыз – Оңтүстіктен басталады" мерекелік жоспары аясында аймақта Наурызнаманы жан-жақты дәріптейтін тағылымды әрі ауқымды 48 іс-шара ұйымдастырылып, өткізіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!