Астаналықтар Наурыз мейрамын қарсы алуда

Фотография - Астаналықтар Наурыз мейрамын қарсы алуда

Парк аумақтары секторларға бөлінген. Кішкентай балалар көлік теуіп, батутта секіріп, бауырсақтан дәм татуда

548 0

Бүгін Қазақстан Наурыз мейрамын тойлауда. Астананың басты алаңдары мен парктерінде таңертеңнен бері халықтық серуендер өтіп жатыр. Мыңдаған елорда тұрғыны кішкентай әртістер, оқушылар мен студенттердің, белгілі орындаушылардың қатысуымен өтіп жатқан концерттік бағдарламаны тамашалауға жиналды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Парк аумақтары секторларға бөлінген. Кішкентай балалар көлік теуіп, батутта секіріп, бауырсақтан дәм татуда.  

Парктің басқа жағында қала тұрғындары арқан тартып, әуесқой балуандар күш сынасуда. Бірде бір мереке хордың қатысуынсыз өтпейді. Ұлттық киім киген қыздар, әйелдер мен әжелер қазақ халық әндерін орындап жатыр.

Фото -

Киіз үйлерде қазақ халқының тұрмысы мен үй керек-жарақтары сатылуда. Бұл жерден әдемі әшекейлерді, бас киімдер мен ағаштан жасалған бұйымдарды, қазақ даласы мен халқының сұлулығы бейнеленген керемет картиналарды сатып алуға болады.

Фото -

Қала тұрғындары мен қонақтарының көңіл күйі жақсы, олар баршаға сәттілік пен барлық игілікті тілейді.

Фото -



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!