"Нұр Отан" мәжілісте 84 депутаттық мандатқа ие болды

Фотография - "Нұр Отан" мәжілісте 84 депутаттық мандатқа ие болды

"АҚ ЖОЛ" және ҚКХП партиялары жетіден депутаттық мандаттқа ие болды.

555 0

Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысы болды. Онда "Алтыншы шақырылатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлаудың қорытындыларын анықтау және жариялау, партиялық тізімдер бойынша дауыс беру қорытындыларына қарай депутаттық мандаттарды бөлу туралы" қаулы қабылдады. 

Облыстық, Астана және Алматы қалаларының аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес Орталық сайлау комиссиясы партиялық тізімдер бойынша сайлаудың мынадай қорытындыларын анықтады:

"Нұр Отан" партиясы - 6 183 757 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 82,20 пайызы;

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – 537 123 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,14 пайызы;

Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясы – 540 406 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 7,18 пайызы;

"Бірлік" Саяси Партиясы – 21 484 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,29 пайызы;

Жалпыұлттық социал-демократиялық партия – 88 813 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 1,18 пайызы;

"Ауыл" Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 151 285 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 2,01 пайызы;

Осылайша, сайлау туралы заңға сәйкес "Нұр Отан" партиясы Парламент Мәжілісі депутаттарының 84 мандатын, Қазақстанның "АҚ ЖОЛ" Демократиялық Партиясы – 7 мандатын және Қазақстан Коммунистік Халық партиясы – 7 мандатын алды. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!