"Ақжол" партиясы мәжіліс депутаттарының есімдерін жариялады

Фотография - "Ақжол" партиясы мәжіліс депутаттарының есімдерін жариялады

Тізімде жеті адамның аты-жөні жарияланған.

433 0

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясынан Мәжіліске баратын депутаттардың есімдері белгілі болды, - деп хабарлайды "Қамшы" порталы.  Кезектен тыс сайлауда партия атынан 35 кандидат үміткер болған.

"Ақ жол" атынан Парламенттің төменгі палатасына келесі азаматтар депутат болып сайланды:

Кеңес Абсатиров – БҚО кәсіпкерлер палатасының директоры;

Ерлан Барлыбаев – партия жетекшісінің орынбасары, "Экибастузэлектросеть" АҚ басшысы;

Берік Дүйсембинов – Партияның орталық кеңесінің хатшысы;

Дания Еспаева -  "Казкоммерцбанк" Ақтөбедегі офисінің директоры;

Меруерт Қазбекова – V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Екатерина Никитинская - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты;

Азат Перуашев - V шақырылымдағы Мәжіліс депутаты, партия төрағасы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!