"Қазақмыс": бас директор компанияның басқарма төрағалығына тағайындалды

Фотография - "Қазақмыс": бас директор компанияның басқарма төрағалығына тағайындалды

Бақтияр Қырықпышев аталған корпорацияның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды

466 0

2016 жылдың 1 сәуірінен "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-ның бас директоры Бақтияр Қырықпышев аталған корпорацияның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды, деп хабарлады корпорация баспасөз қызметі.

"Компания баспасөз қызметінің ақпаратынша, Бақтияр Қырықпышев Қазақстанның орталық және жергілікті мемлекеттік атқарушы органдарымен, Үкіметімен, Парламентімен, сот және өндірістік, қаржылық, шаруашылық және шығармашылық қызметтермен байланысты мәселелер бойынша басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында компания мүддесін ұсынатын болады", — делінген хабарламада.

Қырықпышев 1995 жылы Қарағанды политехникалық институтын, одан кейін 2012 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 1996 жылы "Қазақмыс" компаниясына қарасты "Жезқазғантүстімет" ӨБ кәсіпорнына қарасты Шығыс-Жезқазған кенішінен бастаған. Ол тау-кен шеберінен учаске бастығы, шахтаның аға, бас инженері болған. Шахта бастығы, комбинаттың бас инженері, бас инженері, техникалық директоры, Жомарт кенішінің директоры қызметтерін атқарған.

2008 жылдан "Жезқазғантүстімет" ӨБ бас директоры қызметін атқарды. 2010 жылы Бозшакөл кенішінің бас директоры болып тағайындалған. 2011 жылы "Қарағандытүстімет" ӨБ-ні басқарды.

2012 жылы "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің өндірістік директоры, компанияның тау-кен қайта өңдеу кешенінің бас директоры болды. 2013 жылдың желтоқсанында "Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС-нің бас директоры болып тағайындалған еді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!