Бүгін Республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады

Фотография - Бүгін Республиканың басым бөлігі жауын-шашынды болады

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі

364 0

Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, кей жерлерде жауын-шашын жауып, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, солтүстікте жаяу бұрқасын болады. Тек оңтүстік-батыста және шығыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. 

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖ Комитетінен хабарлады.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде көктайғақ болып, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, желдің 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!