Назарбаев шенеуніктерді Ұлт жоспарын орындауға жауапты екендігін ескертті

Фотография - Назарбаев шенеуніктерді Ұлт жоспарын орындауға жауапты екендігін ескертті

Мемлекет басшысы ҚР Парламент палаталарының бірлескен отырысына қатысты

145 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР VI шақырылымдағы Парламентінің алғашқы сессиясында қабылданған бес индустриалды реформаларды бұрмалауға жол берілмейтінін ескертті, деп жазады Today.kz. Отырыста VI шақырылымның 47 сенат депуттаттарынан 45 адам және мәжілістің 107 депутаты қатысты.

"Мен шенеуніктердің 100 қадамның кей тұстарын қайтадан тежегісі келетінін байқадым. Шенеуніктердің қалауынша ештеме түзетілмеуі керек, ештеме бұрмаланбауы керек. Мен жауапты адамдарды тағы да ескертемін", - деді Назарбаев.   

Президент елде қабылданған стартегиялық бағдарламалардың маңыздылығын тағы да атап өтті. "Ашық айтайын, біз үш жыл бұрын қабылдаған бағамданған мемлекеттік шешімсіз, жаңа заңдар мен стратегиялық бағдарламасыз бүгінгі жағдай қайғылы болар еді. Бұл біздің "Қазақстан-2050" стратегиялық мақсатымыз, тактикалық міндетімізге, "Нұрлы Жол" мемлекеттік бағдарламасы, Ұлт жоспары мен өзгелеріне қатысты", - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Естеріңізге салсақ, VI шақырылымдағы парламет палаталарының бірлескен отырысы басталды. Сенат төрағасы Қасымжомарт Тоқаев хабарлағандай, алдыңғы сессияда парламент пен үкімет 500 астам заң қабылдаған. 24 наурызда ОСК ҚР VI шақырылымдағы Парламент Мәжілісінің 107 депутатын тіркеді. Олардан партиялық тізім бойынша "Нұр Отан" - 84 депутат,  "Ақ жол" - жеті депутат, ҚХКП - жеті депутат, ҚХА - тоғыз депутат.

 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!