Назарбаев мектептердегі оқу аптасын қысқартуды тапсырды

Фотография - Назарбаев мектептердегі оқу аптасын қысқартуды тапсырды

Өзгертулер ең алдымен бастауыш мектептерге қатысты

462 0

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ҚР VI шақырылымдағы Парламентінің алғашқы сессиясында сөз сөйлей отырып, Қазақстан мектептеріндегі оқу аптасын қысқарту тақырыбына тоқтала кетті. Мемлекет басшысының пікірінше, Қазақстан балалары аптасына бес және төрт күн оқитын түрлі елдердің тәжірибесін игеруі керек, деп жазады Today.kz.

"Біз ЭЫДҰ аясында бірлесудеміз, сол сүшін біз жүйелі болуымыз керек. Барлық дамыған елдерде бес күндік оқу күні: балаларға демалып, педагогтарға дайындалуға мүмкіндік береді. Кей елдерде тіпті төрт күндік оқу күні. Осындай форматқа көшу – дамыған елдердің тренды. Ғалымдар оқу аптасының қысқаруы – оқыту нәтижелілігі артатынын дәлелдеп берген. Бізге де осы тәжірибені ендіру керек. Білім және ғылым министрлігіне тым болмағанда бастауыш мектептерден бастау керек", - деді Назарбаев.

Айта кетейік, сөз барысында президент барлық мектептерді Интернетпен қамту қажеттілігін де атап өтті. Сонымен бірге, Мемлекет бсшысының пікірінше, ұлттық операторлар әлеуметтік жауапкершілік танытып, мектептерге арнайы тарифтер ұсынуы керек.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!