Бақтықожа Ізмұхамбетов мәжілістің жаңа төрағасы болып сайланды

Фотография - Бақтықожа Ізмұхамбетов мәжілістің жаңа төрағасы болып сайланды

Парламенттің жаңарған төменгі палатасының алғашқы пленарлық отырысы өтті

478 0

ҚР Парламент Мәжілісінің VI  шақырылымдағы депутаттары алғашқы пленарлық отырыс барысында палата төрағасына Бақтықожа Ізмұхамбетовты құпия дауыс беру арқылы сайлады, деп жазады Today.kz.

Кандидатураны 107 мәжілісменнің барлығы қолдаған.

Нәтижені есептік комиссия төрағасы Асқар Базарбаев оқыды.

"107 бюллетень берілді, жарамсызы жоқ. дауыс келесідей берілді "107" - "иә", "қарсы" - "жоқ", - деді Базарбаев.

1948 жылы 1 қыркүйекте Гурьев облысының Теңіз ауданының Қошалақ ауылдық кеңесінде туған.

Уфа мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1971).

Техника ғылымдарының докторы (1998). Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003).

5 монографияның, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Өнертабысқа 4 авторлық куәлігі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.

1971 жылдан - «Ембімұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы (Гурьев облысы Сарықамыс кенті).

1972 жылдан - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтының бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері (ҚазҒЗГБИ, Гурьев қаласы).

1973 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық мөлшерлеу және ЕҒҮ отрядының бастығы (Гурьев қ.).

1978 жылдан - ҚазҒЗГБИ-ның зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары.

1983 жылдан - Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері (Аден қаласы, Йемен).

1987 жылдан - ҚазҒЗГБИ-нда зертхана меңгерушісі.

1988 жылдан - Гурьев сынақтық-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы.

1991 жылдан - ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Мұнай және газ басқармасының бастығы.

1993 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның бас директоры; «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ теңіз жобалары жөніндегі бірлескен кәсіпорындардың атқарушы директоры, «Қазақстанмұнайгаз» ҰМК-ның теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖАҚ-тың бас директоры.

«ҚазМүнайГаз» ҰК» ЖАҚ БК-нің үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2003 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бірінші вице-министрі.

2006 жылдан - Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі.

08.2007 - 01.2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі.

2012 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі V шақырылымдағы депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланды [1].

2012 жылдың 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Б.Ізмұхамбетовты Атырау облысынң әкімі ретінде тағайындады [2].

Гурьев облысының Балықшы аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1989-1991).



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!