Павлодар облысының әкімі болып Болат Бақауов тағайындалды

Фотография - Павлодар облысының әкімі болып Болат Бақауов тағайындалды

Мұның алдында бұл орында Қанат Бозымбаев отырған болатын.

401 0

Қр Премьер-министрі Кәрім Мәсімов облыс активіне жаңа әкімді таныстырды. Бұл орынға Болат Бақауов тағайындалды, деп жазады Today.kz.  Мұның алдында бұл орында Қанат Бозымбаев отырған болатын.

Болат Жұмабекұлы Бақауов 1971 жылы 27 маусымда Павлодар облысы Железинск ауданының Новокузьминка ауылында туған. Қазақ. Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын (2003) "Заң ғылымдары" мамандығы бойынша; Халықаралық бизнес, экономика және кәсіпорындарды басқару академиясын (2005) бітірген.

1988 жылдан - Павлодар облысы Железинск ауданының "Кеңестік Қазақстан" кеңшары автогаражының жұмысшысы.

1989 жылдан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1991 жылдан - Павлодар облысы Железинск ауданының "Кеңестік Қазақстан" кеңшары автогаражының жүргізушісі.

1993 жылдан - Павлодар облысы Железинск ауданы "Әділет" шағын кәсіпорынының директоры.

1996 жылдан - Павлодар облысы Железинск ауданы "Бақауов" КШ жетекшісі. 1998 жылдан - жекө кәсіпкер. 2007 жылдан - "Толымбек" КШ ЖШС директоры.

2008 жылдың желтоқсанынан бері - Павлодар облысы Қашыр ауданының әкімі.

Павлодар облыстық мәслихатының депутаты (2003-2007).

"Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған (2002).[1]



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!