Қанат Бозымбаев ҚР энергетика министрі болып тағайындалды

Фотография - Қанат Бозымбаев ҚР энергетика министрі болып тағайындалды

Мұның алдында ол Павлодар облысының әкімі болған

189 0

Павлодар облысының бұрынғы әкімі Қанат Бозымбаев үкіметте жаңа қызметке тағайындалды, деп жазады Today.kz. Президенттің сәйкес жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын, ол Павлодар облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген хабарламада.

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев 1969 жылы 8 қаңтарда туған. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясының "Экономикалық және әлеуметтік жоспарлау" факультетін бітірген. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі. 1993 ж. шілде -1997 ж. қыркүйек аралығында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпорындарда қызмет атқарған.

1997 ж. қыркүйек - 1997 ж. қараша аралығында - ҚР Экономика және сауда министрлігінің өңірлік саясат бөлімінің бастығы.

1997 ж. қараша - 1998 ж. қыркүйек аралығында "КазТрансОйл" ЖАҚ Ұлттық мұнай тасымалдау компаниясының қаржылық-жиынтық департаментінің бастығы, экономика мәселелері жөніндегі вице-президент. 1998 ж. қыркүйек - 2001 ж. ақпан айларында ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, мұнай және газ департаментінің директоры, вице-министр. 2001 ж. ақпан - 2001 ж. мамыр аралығында - "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" ААҚ бірінші вице-президент.

2001 ж. мамыр - 2007 ж. тамыз - "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ президенті. 2007 ж. тамыз - 2008 ж. қазан - "Самұрық" Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі Қазақстандық холдингі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы. 2008 ж. қазанда - "Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясы" АҚ президенті.

2009 ж. 30 қарашасынан бастап 2013 жылға дейін Жамбыл облысының әкімі болды.

2013 жылдан бері Павлодар облысының әкімі болған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!