Г.Әбдіқалықова әйелдерді кәсіпкерлік секторға тартудың маңыздылығын атап өтті

Фотография - Г.Әбдіқалықова әйелдерді кәсіпкерлік секторға тартудың маңыздылығын атап өтті

Отырыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "25 Пайдалы іс" республикалық акциясының іске асырылу барысы талқыланд

161 0

ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалық етуімен ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның кезекті отырысы өтті.

 Отырысты ашқан Гүлшара Әбдіқалықова жақында өткен Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауы Қазақстан халқының бірлігі мен берекесін паш еткенін атап көрсетті. Өткен шақырылыммен салыстырғанда Парламент Мәжілісіндегі әйелдердің қатары артты. Жаңа құрамға 29 әйел сайланды, бұл 27,1%-ды құрайды. Бұл көрсеткіш Мемлекет басшысы алға қойған әйелдерді саяси ілгерілету жөніндегі міндеттеріне сәйкес келеді. Г.Н.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауын іске асыруға, оның ішінде дағдарысқа қарсы бағдарламаларға әйелдердің қатысу белсенділігін арттырудың, сондай-ақ оларды кәсіпкерлік секторға тартудың маңыздылығын атап өтті. Ұлттық экономика министрлігінің ақпараты бойынша, соңғы 5 жылда шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің ішкі жалпы өнімдегі үлесі 2009 жылғы 17,7%-дан 2014 жылы 26,2%-ға дейін көтерілді. Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері иелерінің құрылымында әйелдердің үлесі 42%-ды құрайды. ЕАДБ-нің ҚР Үкіметімен "Бизнестегі әйелдер" атты бірлескен бағдарламасы аясында екінші деңгейдегі банктерге жалпы сомасы 49,2 млн АҚШ долларын құрайтын 1200 шамасындағы несиені әйелдер басқаратын кәсіпорындарға беру жоспарланып отыр. Өз кезегінде, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жұмыспен қамту саясатын жүзеге асырудағы пәрменді құралдардың бірі ретінде "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасы қайта өзектендірілгенін хабарлады. Айталық, ЖҚЖК-2020 іске асырудың тұтастай кезеңі ішінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына 290,7 мың әйел тартылды, оның ішінде 222,5 мың адам еңбекпен қамтылды. Қайта өзектендірілген ЖҚЖК-2020 аясында барлық бағыттар бойынша 50 мыңнан астам әйелді қамту межеленуде. Отырыста Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған "25 Пайдалы іс" республикалық акциясының іске асырылу барысы талқыланды. Акция әйелдер кәсіпкерлігін одан әрі дамытуға, дарынды жетім-балаларды қолдауға, отбасылық-адамгершілік құндылықтарды нығайтуға және т.б. бағытталған. Сондай-ақ, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстары әкімдіктерінің адамгершілік және жыныстық тұрғыда тәрбиелеу, ерте жүктіліктің алдын алу шаралары туралы ақпараты тыңдалды. Гүлшара Әбдіқалықова отырысқа қатысушылардың назарын өскелең ұрпақтың моральдық-жыныстық тұрғыдағы тәрбиесін күшейту, білім беру ұйымдары мен ата-аналар тарапынан алдын алу жұмыстарын жүргізу, жасөспірімдер мен жастардың репродуктивті денсаулығын нығайту мәселелеріне аудартты. Отырыстың қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықова орталық және жергілікті мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді.




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!