Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн жауынды

Фотография - Бүгін Қазақстанның басым бөлігінде күн жауынды

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады.

109 0

Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болады. Жауын жауып, 15-20 метр жылдамдықпен жел тұрады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Шығыс Қазақстан, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында жауын жауып, тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында жел 18-23, екпіні 28 м/с күшейеді.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей аудандарында жауын жауып, жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысында күндіз жел күші 15-20 м/с жетеді.

Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында күн ашық, 15-23 м/с жылдамдықпен жел тұрады. Қызылорда облысының кей аудандарында жел жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.


Тегтер:

ауа-райы жауын

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!