Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

Фотография - Нұрлан Ноғаев Атырау облысының әкімі болып тағайындалды

БҚО-ның бұрынғы басшысы, мәжіліс төрағасы болып сайланған Бақтықожа Ізмұхамбетовтың орнына келді

1209 0

Қазақстан Перзиденті Нұсрсұлтан Назарбаев Атырау облысының жаңа әкімін тағайындады, деп жазады Today.kz. Сәйкес жарлық Ақорда сайтында жарияланған.

"Нұрлан Асқарұлы Ноғаев Атырау облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Батыс Қазақстан облысының әкімі қызметінен босатылсын", - делінген Мемлекет басшысының жарлығында.

Н.А.Ноғаев 1967 жылы дүниеге келген. И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей СІМ «Халықаралық қатынастар университеті» Мәскеу мемлекеттік институтын бітірген, мамандығы бойынша тау-кен инженері, халықаралық саладағы экономист, әкімшілік іс жүргізу шебері, орыс, түрік, ағылшын тілдерін меңгерген.

Еңбек жолын Ақтөбе облысы Октябрь қаласы Қандыағаш стансасында электр монтері болып бастады.

1993-1995 жылдары - «Гили - Паскер» ЖШС мұнай өнімдері жөніндегі бас сарапшысы, бөлім бастығы, бас директоры, Мәскеу қаласы.

1995-1996 жылдары - «Отырар Лтд» шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары, Алматы қаласы.

1996-2006 жылдары - «Қазақтүркмұнай» ЖШС маркетинг жөніндегі инженері, маркетинг, мұнай және мұнай өнімдерін сату бөлімінің бастығы, бас директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ атқарушы директоры.

2006 жылдың тамызынан - ҚР Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры.

2007 жылдың қыркүйегінен - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.

2010 жылдың сәуірінен - БҚО әкімінің бірінші орынбасары.

2012 жылдан бері БҚО әкімі.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!