Hardee’s Kazakhstan бургердегі құрт жайындағы ақпаратты жоққа шығармақ

Фотография - Hardee’s Kazakhstan бургердегі құрт жайындағы ақпаратты жоққа шығармақ

Бұл жайындағы ролик Ғаламторға тарап кеткен.

1193 0

Hardee’s Kazakhstan өкілдері осы компания мейрамханаларының бірінде түсірілген деп ғаламторда жарияланған бейнеролик жайында өз ойларын айтты. Кадрларда мейрамхана қонағы гамбургердің бірінен тірі құртты байқап қалғаны көрінеді, деп жазады Today.kz. Бейнероликті Facebook парақшасында Diana Serik атты пайдаланушысы жариялаған.


Бейнеролик авторының айтуынша, оқиға наурыздың 27 күні Астанадағы қалалық жылдам тамақтандыру мейрамханаларының бірінде болған.

Кейін жариялымның астына қыз чектің суретін орналастырып, мейрамхана әкімшілігі бургердің ақшасын қайтарғанын хабарлады.

Жариялымға байланысты Hardee’s Kazakhstan брендімен шығатын Caspian International Restaurants ЖШС өкілдері компанияның сатып алатын азық-түлігінің барлығы іштей және мемлекеттік органдарда да көптеген бақылаулар мен зертханалық тексерістен өтетіндігін айтты.

Сонымен бірге компания "өзінің іскерлік атын қорғау  бойынша барлық амалдар қолданатынын және шындыққа сай емес ақпаратты жоққа шығарылуына қол жеткізбек" неиетте екенін нақтылай кетті. Оның үстіне компания өкілдері атқа кір келтіретін дәлелденбеген ақпаратты таратпауға шақырды.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!