Бас прокуратура шассисіз қонған Bek Air ұшағына қатысты тергеуді бақылауға алды

Фотография - Бас прокуратура шассисіз қонған Bek Air ұшағына қатысты тергеуді бақылауға алды

Оқиғаға байланысты құқық қорғау органдарына арыз түспеді

449 0

ҚР Бас прокуратурасы Bek Air компаниясының Fokker-100 ұшағының 26 наурызда Астанада апатты жағдайда қону жайын тергеуді бақылауға алды. Бұл туралы брифинг барысында Бас көлік прокуратурасының ресми өкілі Әділет Тоқтамысов хвбврлады, деп жазады Today.kz

"Бас прокуратура бұл істің тергеу барысын бақылауға алды. Бұл авиациялық оқиғаға байланысты прокуратура мен өзге органдарға арыз түскен жоқ", - дейді ресми өкіл.

Сонымен бірге, қазіргі кезде ИДМ-де осы жайтты тергеуге арнайы құрылған комиссия өз жұмысын бастағаны айтылды.

"Алдын ала болжам бойынша, шассидің техникалық ақаулығы. Тергеу шеңберінде бұл жайтқа қатысты барлық тұлғалар тексеріледі", - деп атап өтті Тоқтамысов.

Естеріңізге салсақ, оқиға наурыздың 27 күні боды. Bek Air авиакомпаниясының Fokker-100 ұшағы Қызылордадан Астанаға ұшып келген кезде алдыңғы дөңгелектері ашылмай қалған. Бірнеше рет қонуға тырысқаннан кейін ұшақты апаттық жағдайда қондыруға рұқсат берілді. Бұл кезде ұшақ бортында 121 адам болған: 116 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі, ешкім зардап шекпеді.

ҚР Көліктік бас прокуратурасы сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастап кетті. Тергеумен ҚР ИДМ құрған арнайы комиссия да айналысады. Сонымен бірге Азаматтық авиация комитеті де Fokker-100 ұшақтарының қолдануына рұқсат беруді қатаңдатып тастады.

ИДМ басшысы Әсет Исекешев оқиға орнында болып қайтқаннан кейін ұшақ экипажын мемлекеттік сыйлыққа ұсынуға уәде берді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!