Қытайлық Sinoma Қазақстаннан өсімдік майынының ірі партиясын сатып алады

Фотография - Қытайлық Sinoma Қазақстаннан өсімдік майынының ірі партиясын сатып алады

Қазақстаннан Қытайға басқа да ауыл шаруашылығы өсімдік және мал өнімдерін экспорттау бойынша кеілссөздер жалғасын табады.

154 0

China National Materials Group Corporation (Sinoma) Ltd. қытайлық мемлекеттік корпорациясы Қазақстаннан ірі партия өсімдік майын сатып алуды көздеп отыр, деп хабарлайды ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ағымдағы жылдың 25 наурызында Қазақстан Республикасының Бейжіңдегі елшілігінде ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігінің вице-министрі Гүлмира Исаеваның China National Materials Group Corporation (Sinoma) Ltd. қытайлық мемлекеттік корпорацияның төрайымы Хан Рюминмен кездесу өтті.

Кездесу аясында ауыл шаруашылығы өнімдерін Қазақстаннан Қытайға экспорттау бойынша ынтымақтастық орнату, сондай-ақ ҚР агроөнеркәсіптік секторына инвестиция тарту мәселелері туралы сөз болды.

SINOMA Import&Export астықты және ауыл шаруашылығы өнімдерін мемлекеттік сатып алу арқылы өздерінің дүкендер желісінде және де Қытайлық дистрибьюторлық желісінде өткізу үшін шетелден алады.

Қазіргі таңда корпорация жыл сайын Қазақстаннан бірқатар ауыл шаруашылығы өнімдерін сатып алуға қызығушылық танытып отыр: 50 000 тонна шамасындағы күнбағыс, 80 000 тонна зығыр, 100 000 тонна рапс, сондай-ақ жоғарыда көрсетілген шикізаттан 90 000 тонна өсімдік майы.

Қытайдың мемлекеттік корпорациясы биылғы жылы зәйтүн тұқымдас дақылдардың 180 000 тоннасын және 90 000 тонна өсімдік майын сатып алуды жоспарлап осы мақсатта ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлігі мен Sinoma корпорациясы арасында қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерін Қытай нарығында алға жылжыту бойынша бірлескен әрекет Жоспарына қол қойылды.

Қазақстаннан Қытайға басқа да ауыл шаруашылығы өсімдік (зәйтүндік, астықтық, бұршақ дәнді, бақша дақылдары, көкөністік, жемістік) және мал (сиыр еті, қой еті) өнімдерін экспорттау бойынша кеілссөздер жалғасын табады.

Sinoma өсімдік майын 40 000 тоннада өңдейтін қуатты кәсіпорынға инвестиция жасаудан бастап Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу бойынша қолданыстағы кәсіпорындарды жетілдіру және жаңа кәсіпорындарын құру үшін инвестиция жасауға ниетті.

Корпорация Sinoma қазақстандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің сапасын өте жоғары бағалап, оны Қытайда "жоғары таптың" өнімі ретінде таратады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!