1999 жылы туған 100 мыңға жуық бозбала әскери есепке қабылданды

Фотография - 1999 жылы туған 100 мыңға жуық бозбала әскери есепке қабылданды

Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша медициналық комиссиялар құрылған.

218 0

Қазақстанда 1999 жылы туған азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу аяқталды.

Биыл қаңтар мен наурыз аралығында Қазақстан бойынша әскерге шақыру учаскелеріне 1999 жылғы 100 мыңға жуық азамат тіркелді. Тіркеу бозбалаларды әскери есепке алу, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін, білім деңгейін, алған мамандығын және дене даярлығын айқындау үшін өткізіледі.

Балалар үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға арналған мектеп-интернаттардың шәкірттеріне, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына, әсіресе, ҚР Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусына ерекше назар аударылды. Қазіргі уақытта ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери оқу орындарына түсуге 2 мыңдай адам ниет білдіріп отыр, деп мәлімдеді ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен..

Азаматтарды медициналық куәландырудан өткізу үшін жергілікті атқару органдарының шешімі бойынша медициналық комиссиялар құрылғанын айта кетейік.

Сондай-ақ қорғаныс істері жөніндегі басқармалар мен бөлімдер бозбалаларды әскерге шақыру учаскесіне тіркеу процесінде медициналық бақылауға мұқтаж азаматтарды анықтап, емдеу-алдын алу ұйымдарына, денсаулық жағдайы және өзге де мәліметтер бойынша жарамдыларды Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарына және оқуға түсуге ниет білдіргендерді әскери оқу орындарына тіркеді.

Әскери есепке алғаш рет тұрған қазақстандықтармен Қорғаныс министрлігінің жоғары әскери оқу орындарына түсуге қатысты жұмыс жүргізілді.

Келесі кезең – осы жылдың 1 сәуірінде басталатын әскерге шақыру науқаны.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!