Бас мүфти Шымкент қаласында республикалық имамдар семинарына қатысты

Фотография - Бас мүфти Шымкент қаласында республикалық имамдар семинарына қатысты

Облыс әкімінің орынбасары Е.Әбілхайырұлы өңірдегі діни саладағы жұмыстар туралы баяндап, оқу-ағарту бағытындағы жоспарларымен бөлісті

288 0


Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Оңтүстік Қазақстан облысында басталған республикалық имамдар семинарына қатысып, қала және аудан имамдарына дәріс берді, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының ресми сайты.

Семинарға облыс әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлы, наиб мүфти Серікбай қажы Ораз, Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім меңгерушілері, Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, т.б. дінтанушы ғалымдар қатысты.

Фото -

Облыс әкімінің орынбасары Е.Әбілхайырұлы өңірдегі діни саладағы жұмыстар туралы баяндап, оқу-ағарту бағытындағы жоспарларымен бөлісті.

"Дін және тарих тағылымы" жылы аясында өткен семинарда Бас мүфти ауыл имам-молдаларына діни саладағы қызметі үшін алғыс айтты.

"Расында біздің тарихымыздан алатын өнеге, ғибрат мол. Кешегі қазақ хандығы тұсында да дін қайраткерлері халықтың имандылығы, бірлігі мен игілігі жолында қызмет етіп, қоғамда ықпалды тұлғаға айналды. Сол кешегі діндар бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы – ол сіздер мен біз. "Дін мен тарих тағылымы" жылына орай өтіп жатқан семинарда сіздерге ғалымдарымыз пайдалы дәріс жүргізеді. Семинардан алған сабақты жамағатқа жеткізіп, уағыз-насихат жұмыстарында да тарихтан тағылым алуға шақырыңыздар. Өйткені, жамағаттың діни және зайырлы білімін арттыру – баршамызға жүктелген асыл міндет деп санаймын", – деді Ержан қажы Малғажыұлы.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!