Паспорт пен жеке куәлік екі күнде беріледі

Фотография - Паспорт пен жеке куәлік екі күнде беріледі

1 сәуірден бастап Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжат шығару орындары болған соң, құжаттар енді екі жұмыс күнде жасалады.

582 0

Елімізде 1 сәуірден бастап паспорт пен жеке куәлік екі жұмыс күнінде беріледі. Бұл туралы egemen.kz хабарлады.

Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаевтың айтуынша, 1 сәуірден бастап Астана, Алматы, Ақтөбе, Шымкент қалаларында құжат шығару орындары болған соң, құжаттар енді екі жұмыс күнде жасалады.  Басқа облыс орталықтарында 4 күнде беріледі.

Бұған дейін құжат дайындау орталықтары Астана мен Алматыда ғана болған.  Сол себепті құжаттарды дайындау көп уақытқа созылып кететін. Осыған байланысты Шымкент пен Ақтөбеде жеке куәлікті беру уақытын қысқарту үшін жаңа орталықтар ашылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!