"Шымбұлаққа" еркін кіру рұқсат етілгенгендердің тізімі белгілі болды

Фотография - "Шымбұлаққа" еркін кіру рұқсат етілгенгендердің тізімі белгілі болды

Президент ескертуінен кейін "Медеу" маңына бірден пост орнатылды

252 0

"Шымбұлақ" тау шаңғы курортына автоматтандырылған пост арқылы ақысыз өтетін тұлғалардың тізімі анықталды, деп жазады Today.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. Шешім 16 ақпандағы Алматыда өткен кеңесте Нұрсұлтан Назарбаевтың ескеруінен кейін, блогерлер мен қоғам белсенділерінің пікірін ескере отырып шығарылды.

"18 наурызда мемлекеттік емес және коммерциялық ұйымдармен, сонымен қатар блогерлермен қоғамдық тыңдаулар өтті. Нәтижесінде автоматтандырылған посттан арнайы мемлекеттік белгілері, сирена немесе маркировкалары бар әскерилердің, құқық қорғау органдарының, коммуналдық қызметтің жедел әрекет етуші қызметтерінің қызметтік көліктеріне бөгетсіз өтуге рұқсат беру ұйғарылды", - дейді Алматының Табиғат ресурстары басқармасының жетекешісі Еркебұлан Оразалин.

Сонымен қатар "Шымбұлаққа" электромобильдер де бөгетсіз кіре алады. Алматыда мұндай 41 көлік тіркелген.

"Медеуден" жоғары орналасқан үй иелеріне екі рұқсат қағазын береді. Онда келісілген бағыт кестесі мен тұрақ орындары нақты көрсетілген болады. Шымбұлаққа қызмет көрсететін ұйымдар да рұқсат қағазын алады.

Альпинизм мен жарға өрмелеушілер федерациясы мүшелеріне тек транзиттік рұқсат беріледі.

Айта кетейік, енді "Шымбұлаққа" газбен және гибридті көліктерге кіруге рұқсат жоқ. Оларға мотоциклдер, мопедтер, скутерлер, трициклдер және квадроциклдер жатады. Жолаушыларды курортқа тасымалдайтын арнайы такси мен Shuttle Bus көлктеріне ғана рұқсат бар.

"25 наурызда "Медеудің" солтүстік бөлігінде автоматтандырылған бақылау жүйесі орнатылды. Біз Алматыны ыңғайлы әрі таза қала еткіміз келеді. Сонымен бірге автобус паркін жаңартып, саябақтарды, скверлер мен қыдырыс орындарын жақсартуды жоспарлап отырмыз", - дейді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Сонымен бірге ол пайдалану уақыты біткен аспалы жолды жөндеу жұмыстары 2016 жылдың 11 сәуірінен басталатынын да айтты.

Осыған байланысты "Медеуден" такси арқылы жеткізу қарастырылған. Бір адам үшін бір бағытқа жету құны 1 100 теңге болады. Қазіргі кезде таксопарктермен келіссөз жүруде және кейін ақы екі есе төмендетіледі.

Сонымен бірге қаладын және  "Медеуден" Shuttle bus жеткізу қызметіне іске қосу жоспарланған. Оның құны адам басына бір бағытқа 500 теңгеден аспайтын болады.

Естеріңізге салсақ, 16 ақпанада Мемлекет басшысы "Шымбұлаққа" еркін кіріп, сол аймақтағы ауаны ластайтын көліктер жағдайын реттеуді тапсырған.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!